Accessibility links

Алматыда құқық қорғаушылар жиыны өтіп жатыр


Алматыда өтіп жатқан құқық қорғаушылар жиыны. 3 тамыз 2015 жыл.

Алматыда өтіп жатқан құқық қорғаушылар жиыны. 3 тамыз 2015 жыл.

Алматыда Қазақстандағы адам құқықтары мәселелеріне арналған екі күндік жиын өтіп жатыр. Жиынға азаматтық белсенділер, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мен журналистер қатысып жатыр. Кездесудің күн тәртібінде азаматтардың ой-пікірін білдіру еркіндігі, бейбіт жиындар өткізу құқығы, сотталғандар құқығы, азаптаудан қорғау, әділ сот өткізу құқығы мәселелері, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық жайы талқыланбақ.

Жиынға қатысушылар Қазақстан мен аймақтағы басқа бірнеше елдегі адам құқықтары жайын, оның ішінде Әзербайжандағы азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылардың қудалануын талқылайды. Жиында сөйлегендер құқық қорғаушылардың қоғамда "азаматтылық" деген түсініктің жоқтығына, "қоғамның радикалданып жатқанына" алаңдайтынын айтады.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің Азаттыққа айтуынша, радикалдану "биліктің наразы топтармен диалог орнатпағанынан" жүреді.

XS
SM
MD
LG