Accessibility links

Хиросимадағы еске алу рәсімі


Тамыздың 6-сы күні Хиросимада таңертеңгі сағат 8:45-те «бейбітшілік қоңырауы» соғылды. Тура 70 жыл бұрын дәл осы уақытта бұл қалада адамзат тарихында алғаш рет атом қаруы қолданылған еді. АҚШ ұшағы тастаған бомба жарылысынан 140 мыңға жуық адам құрбан болды, оның ішінде шабуылдан тірі қалған, бірақ кейін сәуле дертінен көз жұмғандар да бар. АҚШ Хиросимадан соң үш күннен соң, 1945 жылы 9 тамызда екінші атом бомбасын тастаған тағы бір жапон қаласы Нагасакиде 40 мыңдай адамның өмірі қиылған. Хиросимада бүгін өткен аза тұту рәсіміне ондаған мың адам жиналды. Онда сөйлеген Хиросима мэрі Кацуми Матцуи әлемді ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Шара барысында бейбітшілік белгісі – ақ көгершіндерді аспанға ұшырды.

XS
SM
MD
LG