Accessibility links

Алматы-2 вокзалы маңында бірнеше үй өртенді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өткен түнде Алматы қаласының Жетісу ауданында он үй өртенген. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Алматы-2 темір жол вокзалы маңындағы үйлерді шарпыған өрт аумағы шамамен мың шаршы метрді құраған.

Өрт салдарынан бір адамның қаза тауып, он отбасының үйіне зиян келгені хабарланды. Жарақат алғандар туралы әзірше ақпарат жоқ.

Оқиға орнында өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Сол маңдағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG