Accessibility links

Орал тұрғыны әкімдік алдында пикет өткізді


Орал қаласының тұрғыны Ақтоты Нұрғалиева қалалық әкімдік алдына пикетте тұр. 11 тамыз 2015.
Орал қаласының тұрғыны Ақтоты Нұрғалиева қалалық әкімдік алдына пикетте тұр. 11 тамыз 2015.

Орал қаласының 51 жастағы тұрғыны Ақтоты Нұрғалиева бүгін қалалық әкімдік алдына келіп, пикет өткізді. Оның айтуынша, 2008 жылы қалалық әкімдік үйінің жанынан "Каризма" жиһаз компаниясына жер берген. Қазір жиһаз жасайтын компания оның осы аймақта тұруына кедергі келтіреді. Ол әкімдікті жерді заңсыз берді деп айыптайды.

—Жерді берген кезде құжатта біздің үй көрсетілмеген. Сегіз жылдан бері бұл жерде тұруымыз қиындап кетті, - дейді Ақтоты Нұрғалиева.

Ақтоты Нұрғалиеваның акциясынан кейін оны қала әкімінің орынбсары Марс Сатыбалдиев қабылдап, мәселесін шешу жолдарын ұсынды.

- Мәселені шешуге екі жол бар. Бірі- жерді қайта заңдастырып береміз және бұл отбасы өз үйлерінде тұра береді, екіншісі - "Каризма" компаниясы кей мәселелерін шешіп беруге дайын, - деді әкім орынбасары.

Бірақ Ақтоты Нұрғалиева бұл шешіммен келіспей, компания жұмысын тоқтатуды немесе қала ортасынан баспана алып беруді талап етеді.

XS
SM
MD
LG