Accessibility links

Астаналық үш тұрғын терроризм күдігімен қамалған


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Астананың үш тұрғыны "терроризмді насихаттады және терроризм актісін жасауға жария түрде шақырды" деген күдікпен қамалды деп хабарлады бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК).

ҰҚК ақпаратына қарағанда, ұсталғандардың "құпия жиындарда терроризм мен діни экстремизм идеяларын таратқаны" туралы ақпар негізінде сотқа дейінгі тергеу басталған. Ұсталғандар бұған қоса Қазақстан азаматтарын "халықаралық террористік ұйымдар сапында әскери іс-қимылдарға қатысуға тартпақ болды" деген күдікке ілінген.

Арнайы қызмет ұсталғандардың аты-жөндерін тергеу құпиясы үшін жарияламай отыр. ҰҚК Астананың Сарыарқа аудандық соты 12 тамызда күдіктілерді екі айға қамауға шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG