Accessibility links

Ауғанстан Пәкістан елшісінен жанжалға қатысты түсінік алды


Пәкістанмен шекарадағы ауған шекарашылары. (Көрнекі сурет).

Пәкістанмен шекарадағы ауған шекарашылары. (Көрнекі сурет).

Ауғанстан Пәкістан елшісін екі ел қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болып, салдарынан сегіз ауған шекара сарбазы қаза табуына байланысты түсінік беруге шақырып алды.

Ауғанстан сыртқы істер миинстрлігінің мәлімдеуінше, Кабул Ауғанстанның Кунар уәлаятындағы шекара бекетіне Пәкістан әскерилерінің ауыр артиллериядан оқ атуына қарсылық білдіреді.

Министрлік "Пәкістан әскерилерінің мұндай әрекетінің жалғаса беруі екі ел қарым-қатынасына қолайсыз әсер ететінін" айтады.

Кунар уәлаяты Нари ауданының полициясы Пәкістан әскерилері 17 тамыз күні өз шекара бекеті маңынан бір шекарашысы өлі күйінде табылған соң Ауғанстан шекарасын атқылағанын хабарлаған.

19 тамызда Кабул көшелеріне Ауғанстан тәуелсіздігі күнін тойлауға шықққан тұрғындар Пәкістанға наразылық танытты.

Ауғанстан 1919 жылы 19 тамызда Ауғанстанға халықаралық қатынастарды дербес жүргізуіне еркіндік берген ағылшын-ауған уақытша бітіміне қол қойылғанын тәуелсіздік күні ретінде атап өтеді.

XS
SM
MD
LG