Accessibility links

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК топ-менеджерлері саны азайды


"Астана EXPO" көрмесініңи логотипі. (Көрнекі сурет).
"Астана EXPO" көрмесініңи логотипі. (Көрнекі сурет).

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы басшылығындағы топ-менеджерлер саны қысқарды. Компанияның басқарма төрағасы орынбасарларының саны бестен үшке, басқарушы директорлар саны тоғыздан төртке дейін азайтылды.

Астанада 2017 жылы халықаралық көрме өткізу жұмыстарын ұйымдастыру үшін құрылған компанияның ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, 20 департаменттің екеуі азайған. Бұған қоса компанияның жылдық жалақы қоры 150 миллион теңгеге қысқарғаны айтылады.

9 тамызда Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалған. Бұған дейін бұл қызметті Талғат Ермегияев атқарған. Ермегияев маусым айынан бері коррупциялық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қамауда отыр.

Бұған қоса "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы бастығы Қажымұрат Үсенов, компанияның құрылыс жөніндегі бұрынғы атқарушы директоры Суламбек Баркинхоев та бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG