Accessibility links

Березовкадағы улануды мектептің жылу қазандығынан көрді


Дәрігерлер талып қалған оқушы қызға көмектесіп жатыр. Батыс Қазақстан облысы, қаңтар 2015 жыл.

Дәрігерлер талып қалған оқушы қызға көмектесіп жатыр. Батыс Қазақстан облысы, қаңтар 2015 жыл.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылындағы балалардың жаппай улануына мектептің жылу қазандығындағы ақау себеп деп мәлімдеді. Бұған дейін балалар ауыл Қарашығанақ мұнай-газ кенішіне жақын орналасқандықтан улануы мүмкін деген болжамға қатысты Сапарбаев түсінік бермеді.

Дегенмен, Березовка ауылы тұрғындары келесі жылдың соңына дейін басқа жаққа көшіру жоспарланып отыр. Березовка мен көршілес Бестау ауылынан 469 отбасы, барлығы 2138 тұрғын көшірілмек.

Қарашығанақ кен орнынан бес километр жерде орналасқан Березовка ауылында 2014 жылдың қарашасында балалар жаппай улана бастаған. Экологиялық белсенділер балалардың улануына кен орнынан шыққан газ себеп дейді. Бірақ Қарашығанақ кен орнын игеруші компания мұнымен келіспейді.

Облыс прокуратурасы 20 оқушының улануына қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.

XS
SM
MD
LG