Accessibility links

Македония мен Сербия ЕО-ны мигрант мәселесін шешуге шақырды


Сербия мен Венгрия шекарасы маңында тұрған мигранттар мен полиция. 26 тамыз 2015 жыл.

Сербия мен Венгрия шекарасы маңында тұрған мигранттар мен полиция. 26 тамыз 2015 жыл.

Сербия мен Македония үкіметтерінің өкілдері бейсенбі күні Австрияда Еуропа одағын (ЕО) мигранттардың толассыз келуіне арнайы шара қолдануға шақырды.

Сербия сыртқы істер министрі Ивица Дачич мигранттар мәселесіне арналған Балқан елдері мен ЕО саммитінде Сербия мен Македонияға келіп жатқан мигранттар мәселесін шешу жоспарын осы екі ел ғана емес, Еуропа одағы құру керектігін баса айтты.

Македония сыртқы істер министрі Никола Попоски Еуропа одағы мигранттар мәселесін шешуде жеке жоспар құру керектігін айтты.

Шілде айында Таяу Шығыс пен Африкадан Еуропаға аймағына келген босқындар саны 107,5 мыңнан асқан.

XS
SM
MD
LG