Accessibility links

Қырғызстанда жаңа электр қуатын тарату желісі қосылды


Қырғызстанның солтүстік-шығысындағы Датка-Кемин электр қуатын тарату желісі. 28 тамыз 2015 жыл.
Қырғызстанның солтүстік-шығысындағы Датка-Кемин электр қуатын тарату желісі. 28 тамыз 2015 жыл.

Қырғызстанның солтүстік-шығысында Қытайдың қаржыландыруымен 450 километрге жететін жаңа Датка-Кемин электр қуатын тарату желісі іске қосылды.

Желінің ашылу салтанатында сөйлеген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев желінің іске қосылуын "Қырғызстанға энергетикалық тәуелсіздік әперген тарихи оқиға" деп мәлімдеді.

Жаңа желі арқылы Қырғызстан енді электр қуаты транзиті үшін Қазақстан мен Өзбекстанға төлейтін бірталай қаржысын үнемдейді.

Қырғызстан Қытайдың Tebian Electric Apparatus Stock компаниясымен құны 390 миллион АҚШ доллары болатын электр желісін салу туралы келісімді 2010 жылы жасасқан.

XS
SM
MD
LG