Accessibility links

Байден Порошенкомен телефонмен сөйлесті


АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 21 қараша 2014 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 21 қараша 2014 жыл.

АҚШ вице-президенті Джо Байден мен Украина президенті Петр Порошенко жұма күні телефонмен әңгімеде Украинаның шығысындағы жағдайды, Украинадағы саяси, экономикалық реформалардың барысын және Минск келісімінің жүзеге асуын талқылаған.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Джо Байден Петр Порошенконы Киевтің халықаралық кредиторлармен қарызының бір бөлігін кешіру туралы келісімге қол жеткізуімен құттықтап, қазан айында өтетін жергілікті билік органдары сайлауына ортақ тізіммен түсу жөнінде реформашыл күштердің шешіміне қолдау білдірген.

Байденнің сөзінше, президент Порошенконың жергілікті билік өкілетін кеңейтуге бағытталған конституциялық түзетулер жөніндегі ұсынысын АҚШ қолдайды. Бұл тузетулер Киевтің Минск келісімі аясында өзіне алған міндеттемелеріне сай келеді және олар унитарлық мемлекет принципіне қайшы емес.

Джо Байден мен Петр Порошенко ресейшіл сепаратистер мен Ресей Украинаның шығысындағы жағдайды шиеленістіретін іс-әрекеттерін тоқтатпай отыр деп айыптаған. АҚШ вице-президенті ресейшіл сепаратистердің жаңа территорияларды жаулап алып, Украина заңдары мен Минск келісіміне қайшы келетін жергілікті сайлаулар өткізу туралы мәлімдемелерін сынға алған.

XS
SM
MD
LG