Accessibility links

Украина парламенті маңында жарылыс болды


Конституцияға өзгеріс енгізуге наразы шерушілердің полициямен қақтығысы. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Конституцияға өзгеріс енгізуге наразы шерушілердің полициямен қақтығысы. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Украина Ұлттық гвардиясы 31 тамыз күні парламент маңындағы наразылық шеруінде граната жарылып, төрт сарбазы "ауыр жараланғанын" хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, жарылыстан бұдан өзге он шақты шеруші жараланған. Депутат Антон Геращенконың сөзінше, наразылық шеруі кезінде парламентті күзетіп тұрған сарбаздардың біріне белгісіз біреу "әскери граната" лақтырған.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков шерушілермен қақтығыс пен жарылыста қауіпсіздік қызметінің 90-нан астам сарбазы жараланғанын, оның біреуі екі аяғынан бірдей айырылғанын хабарлады.

BBC тілшісі адамды жараламайтын үш граната жарылғаннан соң үл кен бір жарылыс үні естілгенін хабарлады. Киев мэрі Виталий Кличко Ұлттық гвардияның "бірнеше қызметкері қаза тапқанын" айтқанымен, полиция мұны әзірге растамады.

Бүгін Украина парламенті конституцияға Донбастағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймақтарға ерекше мәртебе беру туралы өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берген. Парламент маңына жиналған ондаған шеруші өзгерістер енгізуге наразылық танытып, полициямен қақтығысқан.

XS
SM
MD
LG