Accessibility links

Франция: Реюньондағы ұшақ сынықтары MH370-ке тиесілі


Реюньон аралынан табылған ұшақ сынығы.

Реюньон аралынан табылған ұшақ сынығы.

Франция прокуратурасы Реюньон аралының жағалауынан табылған "Боинг" ұшағының сынықтары малайзиялық MH370 ұшағына тиесілі екенін мәлімдеді.

Тамыз айының басында Үнді мұхитындағы Реюньон аралы жағалауынан ұшақ қанаты мен иллюминаторы, кресло жастықшалары мен ұшақтың өзге де ұсақ бөлшектері табылған еді. Мамандар табылған ұшақ қалдықтарын Тулузаға тексеріске жіберген.

Malaysia Airlines компаниясының MH370 жолаушылар рейсінің Boeing 777 ұшағы 2014 жылы наурыз айында Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Ұшақ бортындағы 239 адамның барлығы қаза тапты деп жарияланған.

XS
SM
MD
LG