Accessibility links

Тәжікстанда бүлікші генералды іздеу жалғасып жатыр


Тәжікстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал Абдухалим Назарзода.
Тәжікстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал Абдухалим Назарзода.

Тәжікстан қауіпсіздік күштері бүгін бүлік пен милиция бөлімшесіне шабуыл ұйымдастырды деп айыпталған бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары генерал Абдухалим Назарзоданы бүгін де іздеп жатыр.

Соңғы бірнеше күнде Душанбенің маңында болған қақтығыстардан 26 адам, оның ішінде тоғыз милиция қызметкері мен 17 бүлікші қаза тапқан. Назарзоданы іздеу жұмыстары Душанбеге жақын Рамит шатқалында жүріп жатыр. Ішкі істер министрлігі Назарзода 4 қыркүйекте милиция бөлімшесіне жасалған шабуылдан соң жақтастарымен бірге Ромит шатқалына жасырынған дейді. Президент Эмомали Рахмон кеше шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының ұстанымдарын қолдайтын содырлар өзінің "билігін құлату үшін" жасады деп мәлімдеген.

1990-жылдары үкімет күштеріне қарсы шайқасқан демократияшыл, ұлтшыл және исламшыл күштердің "Тәжікстан бірлескен оппозициясы" қатарында болған генерал-майор Абдухалим Назарзода 1997 жылғы бейбіт келісімнен соң елдің қорғаныс министрлігінде басшы қызметке тағайындалған. Билік оны жақында қызметіне тыйым салған «Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының" мүшесі болған дейді. Бірақ «Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы» жетекшілігі Назарзоданың бұл партияға мүше емес екенін, Тәжікстан заңына сәйкес, құқық органдарында жұмыс істейтіндер мен әскери қызметтегілер саяси партияға мүше бола алмайтынын мәлімдеген. Партия болған оқиғаны «құқық органдарының ішкі мәселесі» деп атаған.

XS
SM
MD
LG