Accessibility links

Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелген


Қырғызстанның таулы аймағы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанның таулы аймағы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы мекемесінің хабарлауынша, бүгін түнде, Астана уақыты бойынша сағат 03:20 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 488 километр қашықтықта 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан территориясында болған.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісі Алматы аймағында сезілмеген.

XS
SM
MD
LG