Accessibility links

Пентагон: Ресей Сирияда әскери база құрмақ


Сирияда жүргенін әлеуметтік желіде жариялаған ресейлік солдат (Көрнекі сурет).
Сирияда жүргенін әлеуметтік желіде жариялаған ресейлік солдат (Көрнекі сурет).

Пентагон капитаны Джеф Дэвистің "біздің бақылауымыздың қорытындысы бойынша Ресей Латакия қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан әскери базаны қолдануды жоспарлайды" деп мәлімдеді.

Ұлыбританиялық Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 13 қыркүйекте ресейлік әскерилері Латакия маңында "ірі әскери ұшақ қабылдайтын ұзын қону жолағын салып жатқанын" хабарлады.

Ресей қону жолағының кеңейтілуі Сирия президенті Башар Асадқа көмек екенін айтады.

Елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 13 қыркүйекте Ресей Сирияға қолдау көрсете беретінін мәлімдеді.

Ал Сирияның Ресейдегі елшісі Рияд Хаддад "ресейлік әскерилер Сирияда жүр" деген ақпаратты "батыс елдері таратып отырған жалған ақпарат" деді.

XS
SM
MD
LG