Accessibility links

Рим папасы Кубаға сапармен барады


Советтік "Москвич" маркалы автокөлігі Гавана көшесіне ілінген Рим папасының суреті жанынан өтіп барады. Куба, 16 қыркүйек 2015 жыл.
Советтік "Москвич" маркалы автокөлігі Гавана көшесіне ілінген Рим папасының суреті жанынан өтіп барады. Куба, 16 қыркүйек 2015 жыл.

Рим папасы Франциск бүгін Кубаға сапармен барады. Ол елде бірнеше күн болып, Куба жетекшісі Рауль Кастромен және оның ағасы Фидель Кастромен кездеседі.

Бұған дейін папа Бенедикт XVI да Кубаға сапармен барғанда Фидель Кастромен жүздескен еді.

Кубадан соң Франциск АҚШ-қа сапар шегеді. Ватикан басшысы ол елде Вашингтон, Нью-Йорк пен Филадельфияда болады деп жоспарланған.

Ватиканның хабарлауынша, Рим папасы Францисктің бұл жолғы сапары қыркүйектің 28-інде дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG