Accessibility links

Мәжіліс төрағасы орынбасары болып Абай Тасболатов сайланды


Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов. Астана, 28 қаңтар 2015 жыл.
Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов. Астана, 28 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстан парламентінің төменгі палатасы – мәжіліс төрағасы орынбасары қызметіне Абай Тасболатов сайланды. Палата төрағасы Қабиболла Жақыпов ұсынған кандидатураны депутаттар бірауыздан қолдап дауыс берген.

Бұған дейін мәжіліс төрағасы орынбасары болып келген Дариға Назарбаева қыркүйектің 11-і күні әкесі – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен үкімет жетекшісінің орынбасары болып тағайындалған еді.

64 жастағы Абай Тасболатов 2012 жылы парламент сайлауында биліктегі «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша мәжіліс депутаты болып сайланған. Жұртшылыққа әскери адам ретінде танымал Тасболатов оның алдында Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары, республикалық гвардия қолбасшысы сияқты қызметтер атқарған.

XS
SM
MD
LG