Accessibility links

Йозеф Блаттерге қарсы қылмыстық іс қозғалды


ФИФА басшысы Йозеф Блаттер.

ФИФА басшысы Йозеф Блаттер.

Швейцария заң орындары халықаралық футбол ассоциациялары федерациясының (ФИФА) басшысы Йозеф Блаттердің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Ол «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» және «заңсыз қаржы иемденген» деген күдікке іліккен.

Блаттерді Швейцария бас прокуратурасы тергеп, ФИФА-ның штаб-пәтері мен оның кабинетінде тінту жүргізіп, кейбір құжаттарды тәркілеген.

Жұма күні Блаттердің Цюрихте жоспарланған баспасөз мәслихаты өтпей қалды, ФИФА оның себебі туралы ешқандай түсініктеме берген жоқ. Бұл баспасөз мәслихатында Блаттер сол күні өткен ФИФА атқару комитеті отырысының қортындыларын хабарлауы тиіс болатын.

Өткен аптада ФИФА бас хатшысы Жером Вальке уақытша жұмыстан шеттетіліп, демалысқа жіберілген еді. Ол 2014 жылы Бразилияда өткен әлемдік футбол чемпионатына «заңсыз билет сатуға қатысы болуы мүмкін» деген ақпаратты тексеру аяқталғанша жұмыстан шеттетілген.

Биыл мамыр айында ФИФА-дағы коррупция туралы жанжал шығып, Цюрихте осы ұйымның жеті шенеунігі ұсталған еді. Бұл іске қатысты АҚШ-та, кейін Швейцарияда тергеулер басталған.

XS
SM
MD
LG