Accessibility links

АҚШ Сирия көтерілісшілерін дайындауды уақытша тоқтатты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Пентагон сириялық көтерілісшілерді Түркия мен Йорданияда дайындықтан өткізу бағдарламасын уақытша тоқтатты.

Сириялық көтерілісшілерді «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы содырларымен соғысқа дайындайтын 500 миллион долларды құрайтын миссия конгресс «бағдарлама дұрыс басталмады» деп қатаң сынағаннан кейін тоқтады. Осы аптада ИМ-мен күресте Сирия билігін қолдайтын Ресей президенті Владимир Путин де бұл бағдарламаны мысқылдаған.

Пентагонның баспасөз хатшысы Петер Кук 29 қыркүйекте АҚШ әскерилері бағдарлама бойынша әлі жұмыс істеп жатқанымен, қазір оның «қайта қаралып жатқанын» айтты. «Бағдарламаны қайта қарап жатқандықтан, Сириядан жаңа көтерілісшілерді алдыруды тоқтатып қойдық. Біз бұған қоса қазіргі Сириядағы құрлықтағы күштерге қолдау көрсетуді және бағдарлама бойынша көтерілісшілерді дайындауды жалғастыра береміз» деді Кук.

Бағдарлама бойынша дайындықтан өткен алғашқы көтерілісшілер тобына биылғы жылдың басында «Әл-Қаиданың» Сириядағы бөлімі «Әл-Нусра майданы» тобы шабуыл жасап, күйреткен. Ал өткен аптада Пентагон дайындықтан өткен екінші топ – шамамен 70 сарбаз «қоршаудан аман шығу үшін» «Әл-Нусра майданы» содырларына әскери техникасы мен құрал-жабдықтарын беріп қойғанын мойындаған.

XS
SM
MD
LG