Accessibility links

Астанада бүгін Сирия келіссөзі жалғасады


Астанада бүгін түстен кейін Сириядағы қақтығысқа қатысты топтардың өз ішіндегі келіссөзінің екінші кезеңі басталады.

Қазақстан сыртқы істер министрлінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Азаттыққа келіссөз жабық түрде өтетінін және ол 4 қазанға дейін созылады деп жоспарланып отырғанын айтты.

"Келіссөздің ашылуы ашық өтеді. Онда Қазақстан мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова сөйлейді. Ал келіссөздің өзі жабық өтеді" деді Жайнақов. Ол келіссөзге нақты қандай топтар келгені, қандай мәселе талқыланатыны туралы ақпарат жоғын айтты.

Сирия келіссөзінің алғашқы кезеңі де Астанада мамырдың соңында өткен.

XS
SM
MD
LG