Accessibility links

БҰҰ-ның бұрынғы шенеунігіне айып тағылды


АҚШ-тың Ньй-Йорк қаласында орналасқан БҰҰ бас кеңсесі мен туы. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Ньй-Йорк қаласында орналасқан БҰҰ бас кеңсесі мен туы. (Көрнекі сурет)

АҚШ билігі БҰҰ-ның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі Джон Эшке 1,3 миллион доллар пара алған деген айып тағып отыр. Нью-Йорк прокуратурасының хабарлауынша, Джон Эш БҰҰ мен оның Бас ассамблеясында Антигуа және Барбуда өкілі ретінде атқарған қызметін пайдаланып, қытай миллионері Нг Лап Цзенгке үкіметтік келісім-шарттарды алуға және өзге де қытай бизнесмендерінің мүддесін қорғап, БҰҰ-да жәрдем жасаған деген күдікке ілінген.

Бұған қоса Джон Эшке БҰҰ Бас ассамблеясы төрағасы қызметін атқарған Эш 2014 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықты салықтан жалтарған деген айып тағылған. Онымен бірге тағы бес адам ұсталған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Джон Эшке тағылған айыптар туралы естігенде «есеңгіреп және қатты абыржып қалғанын» мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG