Accessibility links

Израильде Назарбаев тоғайына көшет егілді


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Шолпан Атадағы ескерткіші. Көрнекі сурет
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Шолпан Атадағы ескерткіші. Көрнекі сурет

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Израильде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тоғайға көшет егілгенін хабарлады.

Министрлік ақпараты бойынша, шара «Керен Каемет ле-Исраэль» еврей ұлттық қорымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Мәлімдемеде: «Тоғай - Израиль халқының Назарбаевтың екі ел достығын нығайтуға қосқан үлесін мойындаудың белгісі» екені жазылған. Тоғай Бейт-Шемеш қаласы маңындағы ТМД елдерінен келген еврей қауымдастығы федерациясының ұйымдастыруымен 2000 жылдың сәуірінде Назарбаевтың Израильге ресми сапары кезінде ашылған. Мұнда Назарбаев пен оның қарамағындағы қызметкерлер еккен ағаштар да бар.

Халықаралық және жергілікті құқық қорғаушылар "автократиялық жүйе орнатты" деп сынайтын президент Назарбаевтың аты берілген қоғамдық орындар Ресей, Қырғызстан мен Түркия сияқты басқа бірнеше елде де бар.

XS
SM
MD
LG