Accessibility links

АҚШ Ирактағы лагерге зымыран шабуылын айыптады


Бұрынғы америкалық «Кэмп Либерти» базасында тұрған Ирак әскери қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Бұрынғы америкалық «Кэмп Либерти» базасында тұрған Ирак әскери қызметкері. (Көрнекі сурет.)

АҚШ Ирак астанасы маңындағы лагерде ирандық диссиденттер мен ирактық әскерилерді мерт қылған зымыран шабуылын айыптады.

«АҚШ қатыгездікпен және мағынасыз жасалған террорлық шабуылды қатаң айыптайды» деп мәлімдеген бейсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Ол Ирак билігін «Кэмп Либерти» лагерінің қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шабуылға айыптыларды жауапқа тартуға шақырған.

Ирак полициясының хабарлауынша, бейсенбі күні бұрын АҚШ әскери базасы болған, ал қазіргі кезде «Иран халқы моджахедтері ұйымы» (ИХМҰ) аталатын ирандық оппозициялық топ мүшелері орналасқан «Кэмп Либерти» лагерін зымыранмен оннан аса рет атқылап, салдарынан ИХМҰ-ның кемінде 23 мүшесі мен ирактық үш әскери қызметкер мерт болған. Әзірше зымыран шабуылына байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

ИХМҰ – Иран билігінен дінбасыларды кетіруді мақсат ететін ұйым.

Бірлескен күштер қолбасшысының баспасөз хатшысы генерал Яхья Расулдың айтуынша, зымырандар Бағдат әуежайы маңындағы Бакрия ауданынан «Катюша» реактивтік зымыран қондырғысынан атылған деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG