Accessibility links

Токио мен Сеул 3 жылда алғаш рет келіссөз жүргізді


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 2012 жылдан бері бірінші рет жоғары деңгейде келіссөз өткізді. Екі ел басшылары 2 қарашада Сеулде кездесті.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас 20-ғасыр басындағы тарихи оқиғаларға қатысты нашарлай бастаған. Оңтүстік Корея азаматтарының көпшілігі 2012 жылы билікке келген Абэ Жапонияның 1910-1945 жылдары Корея түбегін басып алғанда жасаған қылмыстарының көлемін азайтқысы келеді деп санайды. Шиеленіс әсіресе жапон әскери борделдерінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған корей әйелдеріне қатысты мәселеде күшейіп тұр.

Токио бұл мәселе 1965 жылы жасалған келісім бойынша реттелген және Жапония бұл үшін 1993 жылы ресми түрде кешірім сұраған дейді. Бірақ оңтүстік кореялықтардың біразы бұл шаралар жеткіліксіз деп санайды.

1 қарашада Жапония мен Оңтүстік Корея басшылары Қытай премьер-министрі Ли-Кэцянмен үш жақты келіссөз өткізген. Басшылар экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияға арналған үш елдің жыл сайынғы форумын өткізіп қайта өткізіп тұруға келісті.

XS
SM
MD
LG