Accessibility links

Ұлттық банк басшысы отставкаға кетті


Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов.

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов.

Қазақстан ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов қызметінен алынды деп хабарлады ел президентінің akorda.kz сайты.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Келімбетовті қызметінен алу туралы шешім қабылдап, парламент сенатына президенттің көмекшісі міндетін атқарушы, президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышевті ұлттық банк төрағасы етіп тағайындауға келісім беруін сұраған.

Қайрат Келімбетов ұлттық банк төрағасы болып 2013 жылдың қазанында тағайындалған. Оның тұсында Қазақстан валютасы теңге екі рет (2014 жылдың ақпанында және биыл тамызда) күрт девальвацияланды.

Биыл тамызда ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұрудан бас тартып, соның әсерінен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы бірден 30 пайызға қымбаттаған.

Ұлттық банк төрағасы қызметіне ұсынылған 37 жастағы Данияр Ақышев 2007 жылдан 2014 жылдың тамызына дейін ұлттық банк төрағасының орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG