Accessibility links

Назарбаев британ компаниялары басшыларымен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

Ұлыбританияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда британдық бірнеше жетекші компанияның басшыларымен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуге Royal Dutch Shell, BG Group, Barclays Bank, Vitol Group, De La Rue, Glencore сияқты компаниялардың жетекшілері қатысқан.

Назарбаев кездесуде Қазақстан инвесторларға ерекше жағдайлар жасай беретінін айтып, олармен бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік барын мәлімдеген. Президент бұған қоса британ инвесторларына Қазақстанда инфрақұрылымды, транспорт пен телекоммуникация, азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіп, металлургия мен мұнай химиясы салаларын дамыту жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірген.

Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда бұдан бөлек J Rothschild Capital Management компаниясының басқарма төрағасы лорд Джейкоб Ротшильдпен, "Арселор Миттал" компаниясының төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездескен. Ресми ақпарат бойынша, Митталмен кездесуде Назарбаев әлемде шикізат бағасының арзандауы металлургия саласына тез әсер ететіндіктен компания өндіріс қарқынын төмендетпеуі қажет екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG