Accessibility links

Белсенді Біләловті қамаудан шығармады


Болатбек Біләлов, "Демократия және адам құқығы институты" қоғамдық бірлестігінің директоры. Aстана. 5 қыркүйек 2012 жыл.
Болатбек Біләлов, "Демократия және адам құқығы институты" қоғамдық бірлестігінің директоры. Aстана. 5 қыркүйек 2012 жыл.

Астана соты "араздық тудыру" айыбымен қамалған азаматтық белсенді Болатбек Біләловтің жазасын өзгертпеді деп хабарлады оның ағасы Қанат Біләлов Азаттыққа.

Қанат Біләловтің сөзінше, судья мұндай шешім қабылдау себебін тапсырылған құжаттардың толық еместігімен түсіндірген.

​Қалалық соттың баспасөз қызметі белсендінің туыстарының "оны үйқамаққа шығарсын немесе кепілдікке босатсын" деген өтініштері не себепті қанағаттандырылмағанын жариялауға құқықтары жоғын айтты.

Болатбек Біләловты қамауға алу туралы қаулыны​ Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-соты 11 қарашада шығарған. Біләловке "араздық тудыру" айыбы тағылған. Тергеушілердің мәлімдеуінше, ол бұл әрекетін "бұқаралық ақпарат құралдарының алдында, көпшілікке жария түрде жасаған".

XS
SM
MD
LG