Accessibility links

Қытай Ресейден Су-35 жойғыш ұшақтарын сатып алмақ


Ресейдің Су-35 жойғыш ұшақтары.

Ресейдің Су-35 жойғыш ұшақтары.

Қытай Ресейден Су-35 әскери жойғыш ұшағының 24 данасын сатып алу туралы келісім жасасты.

«Ростех» мемлекеттік компаниясының бас директоры Сергей Чемезовтың хабарлауынша, келісім құны екі миллиард АҚШ долларын құрайды. Келісім жүзеге асса, онда Қытай Ресейдің соңғы үлгіде жетілдірілген Су-35 ұшақтарын сатып алатын алғашқы мемлекет болмақ.

Ресей 2014 жылы әлемде қару-жарақ экспортынан АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұрған. Ресейдің мемлекеттік қару-жарақ экспортымен айналысатын «Рособоронэкспорт» компаниясының басшысы Анатолий Исайкин өткен айда компания соңғы 15 жылда 116 мемлекетке 115 миллиард доллардың қару-жарағын экспорттағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG