Accessibility links

Украина президенті: паспортты орыс тілінен арылтқан жөн


Украина паспорты. (Көрнекі сурет.)

Украина паспорты. (Көрнекі сурет.)

Украина президенті Петр Порошенко украин паспортынан орыс тіліндегі сөздерді алып тастау туралы петицияға жауап берді.

Президенттің ресми сайтында жарияланған жауапта: «Украина азаматтарының Украина паспорттарында Жоғарғы Рада агрессия жүргізіп отыр деп тапқан мемлекеттің тілінде ақпаратты қайталап жазуға қарсылығын қолдаймын» делінген.

Украинаның Еуропа Одағына кірігу ұмтылысын ескере отырып, Порошенко Украина паспортындағы ақпаратты қосымша ағылшын тілінде жазуды ұсынған. Порошенконың сөзіне қарағанда, ол бұл ұсынысты үкіметке жолдап қойған.

Порошенко бұған дейін ағылшын тілі Украинада украин тілімен қатар «екінші жұмыс тілі» мәртебесін алғанын қолдайтынын білдірген.

«Украинская правда» газетінің хабарлауынша, тамыз айында Львов қаласының тұрғыны Святослав Литинский Украина азаматтығы туралы паспортын орыс тіліндегі ақпаратсыз алуға сот арқылы қол жеткізген.

XS
SM
MD
LG