Accessibility links

Қырымда мешітті тонап кетті


Шабуылға ұшыраған мешіттердің бірі - Бақшасарай мешіті. Қырым, 27 сәуір. 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Шабуылға ұшыраған мешіттердің бірі - Бақшасарай мешіті. Қырым, 27 сәуір. 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырым мұсылмандарының діни басқармасының хабарлауынша, Судак қаласының маңындағы «Янъы Маала» мешітінде садақаға түскен ақшаны жәшігімен бірге ұрлап кеткен.

Мешіт имамы Мұсафа Мұстафаевтың мәліметінше, садақа жәшігінің жоқтығы 17 қарашада білінген. Онда мешітке келушілердің соңғы үш аптада берген садақалары жиналған.

"Бұл - биыл Қырымдағы мұсылмандардың қасиетті орындарына қол сұққан сегізінші жағдай" делінген мүфтият хабарламасында.​

Қарашаның 13-інен 14-іне қараған түні белгісіз біреулер Джанкой ауданы Зевет-Ленинский ауылындағы мешітке тас лақтырған. Қырым мүфтияты хабарлауынша, полиция ол жерден мешітке тасталған бір қап кірпіш тауып алған.

2015 жылы Қырымда мешіттерді тонау бірнеше мәрте қайталанғанымен ұрылар ұсталғаны айтылмады.

XS
SM
MD
LG