Accessibility links

Тәжікстан қорғаныс министрлігінде басшылық ауысты


Тәжікстан қорғаныс министрлігінің басшылары. (Көрнекі сурет).
Тәжікстан қорғаныс министрлігінің басшылары. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан қорғаныс министрлігінде министрдің бірінші орынбасары мен өзге де орынбасарлары, қарулы күштердің бас штабы әскери барлау басқармасының басшысы қызметтен алынып, орындарына жаңа басшылар тағайындалды.

Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, бұған дейін қарулы күштердің әскерінің қолбасшысы болған Эмомали Абдурахим қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, қарулы күштердің бас штабының бастығы болып тағайындалған.

Бұған қоса Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскері бас басқармасы басшысының орынбасарлары да ауысқан.

Қыркүйектің 4-і күні Тәжікстан қорғаныс министрлігінің орталық аппараты мен Душанбеден 20 шақырымдай жердегі Вахдат қаласында ішкі істер бөліміне жасалған қарулы шабуылдар салдарынан 9 милиция қызметкері мерт болған. Тәжікстан билігі бұл шабуылдарды Абдухалим Назарзодадан көріп, оған "мемлекетке сатқындық жасады", "террорлық шабуыл жасады", "экстремистік топ құрды" деген айыптар таққан. Шабуыл болған күні президент Эмомали Рахмон Назарзоданы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатқан. Генералдың өзі 16 қыркүйекте Ромит шатқалында "Альфа" арнайы бөлімінің жасағымен қақтығыста қаза тапты.

Ромит шатқалында жүргізілген операция барысында ресми мәлімет бойынша "қарулы топтың" 17 мүшесі оққа ұшып, ондаған өкілі ұсталған.

XS
SM
MD
LG