Accessibility links

Кремль "Балқаш" торабы жайлы Қазақстанмен келісімді бекітті


Бұрынғы советтік «Балқаш-9» әскери нысанына кіреберістегі ескі жазу. 23 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет.)
Бұрынғы советтік «Балқаш-9» әскери нысанына кіреберістегі ескі жазу. 23 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік әуе қорғанысы саласындағы зымыран шабуылын алдын ала ескерту жүйесіне (ЗШЕЖ) енетін қазақстандық «Балқаш» торабын одан әрі пайдалану және өткізу шарттары туралы Қазақстанмен жасалған келісімді бекіту туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы ресейлік РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлады. Құжат мәтіні Ресей құқықтық ақпараты ресми интернет-порталында жарияланған.

Қазақстанның Қарағанды облысында орналасқан «Балқаш» торабы ғарыш кеңістігіне үздіксіз барлау жүргізуге, баллистикалық зымырандар мен ғарыштық нысандарды автоматты түрде анықтап, оларды бақылауға арналған. Совет заманында салынған нысан СССР ыдырағаннан кейін ресейлік ЗШЕЖ-інің элементіне айналған.

Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім «Балқаш» торабының жұмыс тәртібі мен оған қарасты жер телімдерінің жаңа шекарасын белгілейді. Сонымен бірге келісімде бірлескен әскери кезекшілік атқару тәртібі, соның ішінде тораптағы кезекші бөлімшелермен бірлесіп экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау туралы ережелер жазылған. Екіжақты келісім аясында ресейлік әскери қызметкерлер мен басқа да азаматтардың Қазақстан аумағында болуына қатысты мәселелер де осы құжатпен реттеледі.

XS
SM
MD
LG