Accessibility links

Украина, Ресей мен ЕО сауда келісімін жасай алмады


Ресей экономика министрі Алексей Улюкаев.

Ресей экономика министрі Алексей Улюкаев.

Еуропа Одағы (ЕО), Ресей мен Украина Брюссельде 1 желтоқсанда өткен үшжақты сауда келіссөзінде келісімге келе алмады. Бірақ тараптар Мәскеудің бір айдан кейін күшіне енетін ЕО-Украина арасындағы сауда келісіміне қарсылығын еңсеру үшін келіссөзді жалғастыра беруге уағдаласты.

«Ресей, ЕО мен Украина келісе алмады. 1 қаңтарға дейін келісім жасай алмауымыз әбден мүмкін» деді Ресей экономика министрі Алексей Улюкаев ЕО-ның сауда істері жөніндегі өкілі Сесилие Мальстреммен кездесуінен соң.

Улюкаев егер техникалық келіссөз ілгері баспаса, онда Мәскеу Украинаға сауда жеңілдіктерін енгізбейтінін мәлімдеді.

Еуропа комиссиясы техникалық келіссөз жалғаса беретінін айтты. Украинамен сауда қатынасында Ресейдің алаңдаушылығын туғызып отырған кейбір техникалық мәселелерге қатысты нақты шешімін табатын келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірген Мальстрем, бірақ ол үшін Мәскеу Киевке санкция салмауы шарт деп ескертті

Улюкаев Ресейдің 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украинаға азық-түлік эмбаргосын салу ықтималдығы жоғары екенін айтады. Бірақ ол эмбаргоның Украинаның ЕО-мен ассоциациясы кезінде Ресейге төнетін қауіпті азайтуға қатысты Мәскеу, Брюссель және Киев арасындағы келіссөз барысына байланысы болмайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG