Accessibility links

Зымыраны бар Ресей сүңгуірі Сирияға кетіп барады


Санкт-Петербургтегі кеме жасау зауытында тұрған "Ростов-на-Дону" сүңгуір қайығы. Маусым 2014 жыл.
Санкт-Петербургтегі кеме жасау зауытында тұрған "Ростов-на-Дону" сүңгуір қайығы. Маусым 2014 жыл.

Ресейдің Қара теңіз флотының "Ростов-на-Дону" сүңгуір қайығы Жерорта теңізінің шығыс жақ бөлігінде және ол Сирия жағалауларына қарай кетіп барады деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі. Сүңгуір қайықта "Калибр-Пл" деп аталатын қанатты зымырандар бар. Каспий флотының кемелері Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы нысандарына соққы бергенде осыған ұқсас зымырандарды атқан.

Әзірге сүңгуір қайықтың нақты қай жерде жүргені туралы ресми ақпарат жоқ.

Дизельмен жүретін, 636.3 жобасымен жасалған сүңгуір қайық соңғы үлгідегі сүңгуірлерге жатады және ол әлемдегі шуы ең аз кемелердің бірі саналады. Сүңгуір қайық Қара теңіз флотына қазан айында ғана қосылған.

Ресей Сирияда әскери операциясын 30 қыркүйектен бері жүргізіп келеді. Мәскеу Сирияда ИМ мен басқа да экстремистік топтарды бомбалайтынын айтады. Сирия оппозициясы Ресей Башар Асад әскерімен соғысып жатқан көтерілісшілерге соққы беріп жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG