Accessibility links

Воронеж облысында интернатта өрттен 23 адам қаза тапты


Воронеж облысындағы психоневрологиялық интернат.

Воронеж облысындағы психоневрологиялық интернат.

Ресейдің Воронеж облысында психоневрологиялық интернатта өрт болып, 23 науқас қаза тапты. 15 адам күйік шалып ауруханаға түскен. Өрт бірнеше сағат жалындап тұрған.

24 адам эвакуацияланып, олардың кейбірін ғимараттан көтеріп алып шығуға мәжбүр болған. Төрт дәрігер зардап шекпеген. Алғашқыда өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін деген болжам айтылған. Кейін өрт интернат палаталарының бірінен шыққан болуы ықтимал деген ақпарат тарады.

Өрт бойынша тергеу басталды. Интернатта барлығы 140-тай науқас жатқан. Өртенген қанатта өрт басталғанда 74 науқас пен төрт дәрігер болған.

Ресейде мұндай оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. 2013 жылдың қыркүйек айында Ресейдің солтүстік-батысындағы психиатрлық ауруханада болған өрттен 37 адам қаза тапқан. 2013 жылы сәуірде осыған ұқсас өрттен 38 адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG