Accessibility links

Қырғыз шекарасын күшейтуге Ресей көмектеседі


Қырғызстанның Қазақстанмен шекара бекеті. (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Қазақстанмен шекара бекеті. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан мен Ресейдің шекара қызметтері шекара күзетін күшейту туралы келісім жасасты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Қырғызстан шекара қызметінің ақпаратына қарағанда, келісімге сай Ресей Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағындағы шекарасын техникалық жарақтандырып, инженерлік құрал-жабдықтар алуына қайтарымсыз түрде көмектеседі.

Еуразия экономикалық одағының сыртқы шекарасына қажетті жабдықтар алып, инфрақұрылым тарту жұмыстары 2016-2017 жылдары Қырғызстанға техникалық көмек көрсету аясында жүргізілмек.

XS
SM
MD
LG