Accessibility links

Министр: 2016 жылы мәдениетке бөлінетін қаржы азаяды


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазақстанда 2016 жылы мәдениет саласында күрделі жөндеу мен жаңа ғимараттар салуға бөлінетін қаржы қысқарады деп хабарлады бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Азаттыққа сұхбатында.

Министрдің сөзінше, 2016 жылы мәдениет саласындағы құрылысқа бөлінетін қаржы қысқарғанымен, мәдени шараларға бөлінетін қаржы азаймайды.

- Келесі жылы Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отыр. Бірақ оған нақты қанша қаржы кететінін есептеген жоқпыз. Мәдени шараларға, театрлардағы қойылымдарға, халықаралық конкурстарға жастардың қатысуы сияқты шараларға бөлінетін қаржы қысқарған жоқ. Тек күрделі жөндеу мен жаңа ғимараттар салуға жұмсалатын қаржы қысқарды. Бірақ келесі жылы Астанада екі жыл бойы салынып жатқан ұлттық хореографиялық академиясы ашылады, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

XS
SM
MD
LG