Accessibility links

Бакуде "тыңшы" журналист алты жылға сотталды


Полицейлер журналист Рауф Миркадировты әкетіп барады. 6 мамыр 2014 жыл.
Полицейлер журналист Рауф Миркадировты әкетіп барады. 6 мамыр 2014 жыл.

Әзербайжанда танымал журналист Рауф Миркадиров Арменияның пайдасына "тыңшылық жасады" деген айыппен алты жылға сотталды.

Миркадировтың адвокаты Фуад Агаевтың айтуынша, журналист өзіне тағылған "Арменияның пайдасына тыңшылық жасады" деген айыпты мойындамайды. Ал Әзербайжан бас прокуратурасы мәліметінше, Миркадиров "2008 жылдан бері Армения арнайы қызметіне жұмыс істеп, Ереванға мемлекеттік құпия ақпараттарды беріп отырған".

54 жастағы Миркадиров Әзербайжанда орыс тілінде шығатын "Зеркало" басылымында тілші болып істеген. Ол өткен жылы Түркиядан депортацияланған соң Бакуде тұтқындалған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдері Миркадировтың тұтқындалуын айыптап, оған қарсы істің саяси астары бар деп санайтындарын мәлімдеген. Human Rights Watch ұйымы Миркадиров "өзінің көзқарасы үшін жазаланып отыр. Миркадиров өзгелерге ескерту ретінде қудаланды" дейді. "Шекарасыз тілшілер" ұйымы өткен аптада Миркадировты "Президент Ильхам Әлиевтің өз режимін сынайтындарға қарсы кампаниясының құрбаны" атаған.

XS
SM
MD
LG