Accessibility links

Назарбаев: "Патриоттық акт" қабылданады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігі басшысы Нұрлан Нығматулин және президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев қатысқан.

«Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады» деген Назарбаев.

Президент елде заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында сот жүйесінің өзі де өзгерістерге бастамашы болуы қажеттігін айтқан.

«Барлық деңгейдегі атқарушы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс. Жалпы алғанда, нәтижеге басшылар жеке жауапты болады. Бұл ретте, реформаларды көзбояушылыққа айналдыруға жол беруге болмайды. Өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі болатындар лауазымынан босатылады» деген ол.

Халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар Қазақстанда былтыр қабылданған бірқатар заң азаматтық қоғамның қызмет аясын тарылтады деп сынға алған.

XS
SM
MD
LG