Accessibility links

Германия кері қайтарған мигранттар саны артты


Австрия-Германия шекарасында тұрған мигранттар. Қазан, 2015 жыл.

Австрия-Германия шекарасында тұрған мигранттар. Қазан, 2015 жыл.

Австрия билігі Германия көпшілігі Ауғанстаннан шыққан мигранттардың біразын "пана беруге болмайды" деп Австриямен шекарадан қайтарып жатқанын хабарлады.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Кельнде неміс әйелдеріне жасалған жыныстық зорлық пен ұрлықтың көбеюі канцлер Ангела Меркель мен оның мигранттарға қатысты "ашық есік саясатына" кері әсер ете бастаған.

Австрия билігінің мәліметінше, Германия желтоқсанда шекарадан бір күнде 60 мигрантты қайтарса, жаңа жылдан кейін бұл сан 200-ге артқан. "Германияның шекарасына бақылауды қатаңдатуына Швеция мен Данияның өз шекараларында бақылауды күшейтуі себеп болуы мүмкін" дейді Австрия билігі.

Қайтарылған мигранттардың көпшілігі ауғандықтар. Олар Германияда қалуды емес, Скандинавия елдерінен пана сұрағысы келетінін айтады. Шекарадан қайтарылған қалған мигранттар Ирак, Иран, Марокко және Алжирден шыққан.

Өткен аптада Швеция Даниядан келетіндерге бақылау орнатқан. Ал Дания Германиядан келетіндерді тексере бастаған. Австрия Словениямен шекарасында бақылауды күшейтіп, 1 қаңтардан бері 1 мың 652 мигрантты кері қайтарған.

XS
SM
MD
LG