Accessibility links

Ресей батысында әскери қуатын күшейтпек


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Ресей биыл Батыс әскери округінде жаңа үш әскери дивизия құруды және бес стратегиялық ядролық зымыран полкін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы қорғаныс министрі Сергей Шойгуге сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер хабарлады.

Шойгудың сөзінше, биыл ядролық оқтұмсықпен жарақтанған сүңгуір қайықтар мен стратегиялық бомбалаушы ұшақтары орналасқан инфрақұрылымды да жаңарту қажет. Ол бұған қоса 2016 жылы әрбір әскери округтің әскери дайындығы төтеннен тексерілетінін де айтты.

XS
SM
MD
LG