Accessibility links

Путин тұсындағы Ресей туралы жазған автор өлі күйінде табылды


Ресейлік саясаттанушы Владимир Прибыловский.

Ресейлік саясаттанушы Владимир Прибыловский.

Мәскеуде ресейлік саясаттанушы, публицист Владимир Прибыловский өз пәтерінде өлі күйінде табылды деп хабарлайды Livejournal. Бұл ақпаратты саясаттанушының әріптесі, тарихшы Юрий Фельштинский таратқан.

"Қымбатты достар! Маған жаңа ғана менімен "Корпорация: Президент Путин кезіндегі Ресей мен КГБ" кітабына автор болған Прибыловскийдің Мәскеуде өз пәтерінде өлі күйінде табылғанын хабарлады. Менде әзірге бұдан басқа ақпарақ жоқ" деген Фильштинский.

Владимир Прибыловский - аудармашы, оппозиционер, "Панорама" ақпараттық-зерттеу орталығының президенті, "Антикомпромат" интернет басылымының жетекшісі және "Субтропиктік Ресей" қозғалысының жетекшісі.

2007 жылы мамырда прокуратура "мемлекеттік құпиясы бар мәліметтерді жариялау туралы қылмыстық істі тергеу аясында Прибыловскийдің пәтеріне тінту жүргізген. Тінту кезінде екі компьютер мен Прибыловскийдің "Корпорация: Президент Путин кезіндегі Ресей мен КГБ" кітабының электронды қолжазбасы және "Путиннің серіктері" кітабының кіріспесі тәркіленген.

2009 жылы Нью-Йоркте Прибыловский мен Фельштинскийдің "Корпорация: Путин тұсындағы Ресей мен КГБ" монографиясының ағылшын тіліндегі аудармасы басылып шықты. Кітап 2010 жылы қыркүйекте Ресейде басылды. 2012 жылы мамырда бұл монографияның қосымшасы ретінде "Корпорация: Ғасыр шегіндегі Ресей мен КГБ" кітабы қосымша басылды.

XS
SM
MD
LG