Accessibility links

Жовтис: "Араздық қоздыру" айыбы "құралға" айналды


Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Құқық қорғаушылар Қазақстанда «араздық қоздыру» айыбы бойынша қозғалған қылмыстық істердің көбейіп бара жатқанына алаңдайды.

Алматыда өткен баспасөз жиынында Қазақстандағы адам құқығын қорғау бюросы кеңесінің төрағасы Евгений Жовтистің айтуынша, қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 2014 жылы 44 іс қозғалса, 2015 жылы мұндай іс саны 88-ге жеткен. Жовтистің сөзінше, «араздық қоздыру» бабының қылмыстық кодексте бұлыңғыр жазылғаны соншалық, «араздық қоздыру деген не?» деген сұраққа нақты жауап жоқ».

Құқық қорғаушының айтуынша, осы бап арқылы жеке ой-пікірін білдірген азаматтардың әрекеттерін «араздық қоздырды» деп жазалауға болады. Осылайша, қазір бұл бап азаматтық белсенділікті төмендететін мемлекет қолындағы "құралға" айналып отыр. Жовтис бұған Нарымбаев, Мәмбеталин істерін мысал ретінде келтірді.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG