Accessibility links

Норвегия Ресейге мигранттарды қайтаруды тоқтатты


Норвегияға Ресей шекарасы арқылы өткен мигранттар пайдаланған велосипедтер. (Көрнекі сурет.)
Норвегияға Ресей шекарасы арқылы өткен мигранттар пайдаланған велосипедтер. (Көрнекі сурет.)

Норвегия билігі ел аумағына Ресейден келген босқындарды депортациялауды уақытша тоқтатты деп хабарлайды осы елдің сыртқы істер министрлігі. Мекеме өкілдерінің айтуынша, Ресей жағы босқындарды қайтару тәртібін «жан-жақты талқылауға» ниет танытқан.

Осы аптада Норвегия билігі Ресейден шекара арқылы өтіп, енді босқын мәртебесін алуға тырысып жүрген мигранттарды Ресейге қайтара бастағаны хабарланған.

Былтырғы жылы Сирия, Ауғанстан және Ирактан шыққан бес жарым мыңнан аса мигрант Норвегияға жету үшін Мәскеу, Мурманск және Никель арқылы «арктикалық бағытты» таңдаған. ВВС-дің хабарлауынша, Ресей заңдары бойынша шекараны жаяу кесіп өтуге тыйым салынғандықтан, мигранттар велосипед сатып алып, сонымен шекарадан өткен.

XS
SM
MD
LG