Accessibility links

Шымкентте танымал кәсіпкер мен тағы үш адам ұсталған


Шымкент сыра зауыты. 30 қаңтар 2016 жыл.

Шымкент сыра зауыты. 30 қаңтар 2016 жыл.

Шымкентте сенбі күні полиция өкілдері төрт адамды ұстаған, олардың арасында жергілікті танымал кәсіпкер Тоқтар Төлешов те бар.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкентте төрт адам ұсталды. Олардың бірі – жергілікті сыра зауытының иесі болып табылатын Тоқтар Төлешов», - деген Қазақстан ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев ҚазТАГ агенттігіне.

Оның айтуынша, «ұсталғандардың жұмыс орындары мен тұратын мекен-жайынан қару, есірткі және әдебиеттер табылған». Бірақ ол қандай мазмұндағы әдебиет екенін ашып айтпаған.

Полиция бұл іске қатысты толығырақ ресми ақпарат дүйсенбі күні берілетінін айтады.

Бұған дейін жергілікті баспасөз құралдары қаңтардың 30-ы күні таңертең Шымкенттегі «Риксос-Хадиша-Шымкент» қонақ үйі, Шымкент сыра зауыты мен кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің үйіне келген полиция ол жерлерде арнайы операция жүргізгені туралы хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG