Accessibility links

Грузия президенті: Еуропа үшін Кавказ маңызды


Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили парламентте елдегі жағдай туралы сөйлеп, Еуропа үшін Кавказ аймағының маңызы зор екенін мәлімдеді. Азаттықтың Грузин редакциясының хабарлауынша, Маргвелашвили "Кавказда тұрақтылық болмаса Еуропада тұрақтылық болмайды" деді.

Маргвелашвили Мәскеуді "Грузия территориясының 20 пайызын басып алды" деп тағы да айыптап, Ресейді "көршілес елдердің территориясын басып алу арқылы өз мақсатына ешқашан жете алмайтынын" ескертті. Ол Еуропамен интеграциялануды өз еркімен таңдап, "батыл қадам" жасаған "жаңа демократия елдері" - Украина мен Молдова да Ресеймен қарым-қатынаста Грузия сияқты қиындыққа тап болғанын айтты.

Маргвелашвили Батыс елдерін Ресей-Грузия жанжалына қатысты "біртұтас ұстаным" қалыптастыруға шақырды. Ол Грузияның АҚШ, НАТО-мен жақындасуын және олармен бірлескен жаттығулар өткізуін қолдайтынын да білдірді.

XS
SM
MD
LG