Accessibility links

БАӘ: Сирияға жаяу әскер жіберуге әзірміз


Біріккен Араб әмірліктері орталығы Абу-Даби қаласы. (Көрнекі сурет.)

Біріккен Араб әмірліктері орталығы Абу-Даби қаласы. (Көрнекі сурет.)

Біріккен Араб әмірліктері «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы күресетін халықаралық коалиция аясында Сирияға құрлықтағы әскерін жіберуге әзір. Бұл туралы бүгін Абу-Дабиде БАӘ сыртқы істер министрі Әнуар Гаргаш мәлімдеген.

Оның айтуынша, ИМ радикалдарына қарсы баяу жүргізіліп жатқан күрес барысына БАӘ билігінің көңілі толмайды.

«Әңгіме мыңдаған әскери туралы болып отырған жоқ, бірақ біз [ИМ-мен күреске] қолдау таныта алатын құрлықтағы әскер туралы айтып отырмыз» деген ол брифингте.

Сонымен бірге Гаргаш Сирияға сарбаздар жіберу туралы шешім қабылдауға негізгі алғышарт – әскери операция жүргізудегі АҚШ-тың жетекші ролі екендігін айтқан.

Бұған дейін осы аптада Сауд Арабиясы егер АҚШ бастаған коалиция Сирияда құрлықтағы әскери іс-қимылдар бастау жөнінде шешім қабылдайтын болса, Эр-Рияд ол операциялардың кез-келгеніне қатысуға даяр екенін мәлімдеген еді.

Сирия билігі өз территориясына басып кірген кез-келген күшке қарсы тұратынын ескерткен. Сенбі күні Сирия сыртқы істер министрі елге келетін басқыншыларды үйлеріне «ағаш табытқа салып» қайтаруға уәде еткен.

XS
SM
MD
LG