Accessibility links

БАҚ: Ресей әскери шығынды азайтуды жоспарлайды


Ресей әскери техникасы мен қару-жарағы (Көрнекі сурет)
Ресей әскери техникасы мен қару-жарағы (Көрнекі сурет)

Ресей қорғаныс министрлігі экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты әскери шығындарды бес пайызға азайтуды жоспарлайды деп хабарлайды өз дереккөзіне сілтеме жасаған ресейлік "Ведомости" басылымы. 2016 жылдың бюджеті үш триллион рубльден астам қаржыны (шамамен 40 миллиард доллар) немесе жалпы ішкі өнім көлемінің төрт пайызын құрайтындықтан шығын 160 миллиард рубльге қысқармақ.

Дереккөзінің мәліметінше, азайтылатын соманың 150 миллиарды мемлекеттік қорғаныс тапсырысына тиесілі. Бұған қоса флот пен авиацияға арналған қару-жараққа бөлінетін шығын да азаймақ. Құрлықтағы әскерді қаруландыру шығыны да аздап азайтылмақ. Дереккөзі жеке құрамдағы әскер мен Сириядағы операцияға бөлінетін қаржы мүлдем азайтылмайды дейді.

Ресейде дағдарыс басталғалы қорғанысқа бөлінетін қаржы бірінші рет қысқартылып отырған жоқ. 2015 жылы Ресейдің қорғаныс шығыны 3,8 пайызға азайтылған.

XS
SM
MD
LG