Accessibility links

Мәскеуде босқын балаларына арналған орталық мекен-жайсыз қалды


Мәскеудегі босқындар балаларын бейімдеу және оқыту орталығында. (Көрнекі сурет.)
Мәскеудегі босқындар балаларын бейімдеу және оқыту орталығында. (Көрнекі сурет.)

Мәскеуде босқындар балаларын бейімдеу және оқыту орталығы жалдап отырған орнынан айырылды. Бұл орталық - ресейлік «Гражданское содействие» құқыққорғау комитетінің волонтерлік жобасы.

Орталық директоры Ольга Николаенконың Азаттықтың Орыс қызметіне айтуынша, жалға алу туралы келісім бұзылғаны туралы хатты олар «Гражданское содействие» үкіметтік емес ұйымы Ресейде «шетел агенті» деп танылған соң алған.

Босқындар балаларын бейімдеу және оқыту орталығы 1996 жылдан – бірінші шешен соғысының соңынан бері жұмыс істеп келген. Орталықтың құрылғанына наурыз айында 20 жыл толады.

Ресейде 2012 жылы қарашада қабылданған заң шетелден қаржыландырылатын, саяси қызметпен айналысатын ұйымдарды «шетел агенті» ретінде арнайы тізімде тіркелуге міндеттейді. Кейін осы заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, Ресей әділет министрлігіне үкіметтік емес ұйымдарды әлгі тізімге мәжбүрлі түрде кіргізу құқығы берілген. Ресейлік коммерциялық емес ұйымдар бұл заңға қарсылық білдіріп, сотқа, соның ішінде Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына да шағымданған.

Қазіргі уақытта Ресей әділет министрлігінің «шетелдік агенттер» тізіміне алынған ұйымдар саны жүзден асқан.

XS
SM
MD
LG